» » Мамандар 5G желісі Қазақстан үшін тиімсіз екенін айтты

Мамандар 5G желісі Қазақстан үшін тиімсіз екенін айтты

5G технологиясын енгізу – қымбат жоба. Бұл туралы «Финам» компаниясы тобының аналитігі Алексей Коренев LS басылымына берген сұхбатында айтып берді.
Мұның алдында мамандар күзде Қазақстанда 5G желісі енгізілетіні және оны қолдана алатын құрылғылардың қашан шығарылатыны туралы айтқан болатын.
«5G технологиясымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрылғылардың бағасы әзірге қымбат. Нақты бағасы өнімділік пен техникалық ерекшеліктерге байланысты болып отыр. Сол себепті, әзірге мұның Қазақстандықтарға қаншалықты қажеті бары түсініксіз. Оның үстіне қазіргі телефондар бұл желіні қабылдамайды. Ал алдағы уақытта құрылғылардың бағасы әдеттегідей арзандай түседі», - дейді Коренев.
Ол, сондай-ақ, амбициялардың толықтай жүзеге асырылатынын айтып өтті. Десе де, барлығы мерзім мен жұмсалатын ақшаға байланысты. Оның айтуынша, дәл қазір дамыған мемлекеттердің өзінде бұл жүйе жаңадан енгізіліп жатыр.
03 тамыз 2018 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031