Бас әскери прокурор тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Шаймерденұлы Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды.
Д.Сартаев 1959 жылы туған. С.М.Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды.
2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды.
Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 36 жылды құрайды.
Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы.