Ғалымдар жасанды жүректің жаңа түрін жасап шығарды
Еуропа елдері жасанды жүректің жаңа түрін сынақтан өткізіп жатыр. Аталған аппаратты ешбір сымсыз адамға салуға болады. Арнайы сөмкені ұстаудың қажеті жоқ. Себебі аккумулятор батареясы да ішінде орналасқан. Осы аппаратты зерттеу жұмыстарына ҚР Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығы да атсылысып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, әзірше жасанды жүректің жаңа түрін жануарларға салып жүр. «Зерттеу жұмыстары Бельгия мен Францияда жүргізіліп жатыр. Оған Израиль және Еуропаның басқа да мемлекеттері қатысып жүр. Жаңа аппаратты адамға салу үшін алдымен жануарларға салып, бақылап көру керек. Біз бірнеше қойға жасанды жүректің жаңа түрін салдық. Олар екі жылдан бері сонымен жүр. Жалпы, бұл бағдарламаның басталғанына бес жылдай болды. Алдағы уақытта арнайы комиссия тәжірибенің нәтижесін зерделеп, клиниканы анықтайды. Сол жерде жасанды жүректің жаңа түрін имплантациясына алғашқы операция жасалады. Меніңше, алдағы бес жылда оны адамдарға сала бастайды», - деді Ю.Пя журналистерге берген сұxбатында.