800 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін
12 жылдан соң технология мен жасанды интеллекттің дамуы нәтижесінде бүкіл әлем бойынша 800 миллионға жуық адам жұмыс орындарынан айрылып қалады, ал жұмыс уақытының 15 пайызы роботтармен алмастырылады.
Бұл McKinsey & Co консалтингтік компаниясының жүргізген зерттеуінде айтылған. Технологияның ең жылдам дамуы АҚШ пен Германиядағы жұмысшыларға әсер етеді – осы елдерде жұмыс уақытының 24%-ы жасанды интеллекттен келеді. Одан кейінгі кезекте Қытай (16%) және Үндістан (9%) тұр. Роботтарды тарату жылдамдығы соншалықты жылдам болмаса да, автоматтандыру нәтижесінде 400 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін және алдағы 12 жыл ішінде жаңа жұмыс орындарын табу қажет болады, – деп зерттеуде жазылған. Бүкіләлемдік экономикалық форум (World Economic Forum) сарапшыларының пікірінше, білімге деген әмбебап құқық жұмыссыздық проблемасын шешеді, ол автоматтандыру арқылы күшейтілетін болады. Мұндай тәсіл адамдардың өміріне бірнеше рет жаңа мамандықтар алуға мүмкіндік береді және жасанды сана тараған жағдайда да еңбек нарығында сұранысқа ие болады.
Дереккөз.: massaget.kz