ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕР ЖОБАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАЙҚАУ СЫНАМАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шараның мақсаты – қазақ тілді қауым өкілдері арасында сынама сауалнама жүргізу арқылы жаңа емле ережелері жобасын әзірлеу барысында туындаған мәселелердің тиімді жолдарын анықтау. Сынаманы ұйымдастырушыларды қазақ мәтінін құрайтын төл, кірме және шетел сөзін латын әліпбиімен таңбалауда тіл қолданушылар басымдық берген жазба-үлгілері (орфограммалар) алынады.
Қазақ тілді қауымның шет тілдерден енген сөздерді жазу арқылы игеруін анықтау, жаңа емле үшін маңызды.
Сынама нәтижесінде анықталған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді. Сынамаға Қызылорда облысынан басқармалар, департаменттер, облыстық, қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлері қатысып жатыр.