«Ақылды қаланың» алғашқы адымы
Елбасының биылғы Жолдауында құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуде ғимараттардың сапасына мән беріп, экологиялық тазалығын, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтауды, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуді тапсырды.
Елбасының халықаралық қаржы ұйымдарының әлеуетін пайдалану тапсырмасына сәйкес, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен бірлесіп, Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйесін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба барысында облыс орталығының ауызсумен жабдықтау және суды бұру жүйесін басқару, жерасты ақауларын анықтайтын заманауи техникалар сатып алынып, пайдаланылуда.
Тұтынушылар тарапынан коммуналдық төлемдерді оңтайландыру мақсатында өткен жылдан бастап бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Бүгінгі күні Қызылорда қаласы тұтынушыларының 80 проценттен астамы осы қызмет түрін пайдалануда.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық жоба ретінде «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандарында бірыңғай төлем құжатын енгізу жобасы басталды. Бүгінгі күнге аталған жобаға қатысты барлық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер арасында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда автоматтық түрде телефон және СМС арқылы ескерту функционалы әзірленуде. Өткен жылдың қыркүйек айында өткізілген мемлекеттік конкурстың нәтижесінде «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Тұрғын үй қызметі» МКК және «Энергосервис» ЕЖШС мен биллинг бағдарламасын әзірлеу, бірыңғай төлем жүйесіне енгізу, төлемдерді қабылдау бойынша келісім-шарттар жасалынып, «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның 15 мың, «Тұрғын үй қызметі» МКК – 16 мың тұтынушысы биллинг бағдарламасына енгізілді. Жыл басында электр, жылу энергиясы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС және «Тұрғын үй қызметі» МКК-нің, ішінара су мен су бұру коммуналдық қызметтері қалыптастырылған 79 мың бірыңғай төлем құжаты таратылды.