Мектеп мұғалiмдерi ҰБТ процесiнен босатылуы мүмкiн – министр
Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев министрлiкке ұстаздар мен ата-аналардан келiп жатқан ұсыныстарды атады.
«Министрлiкке педагогикалық қауымдастық пен ата-аналар тарапынан жыл бойы ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен кешендi тестiлеуге қатысты ұсыныстар келiп түсуде. Олардың iшiнде ҰБТ мен кешендi тестiлеу бiрдей функцияны атқаратын болғандықтан осы екi тестiлеудi бiрге өткiзу ұсынысы бар. Екiншi - Ұлттық бiрыңғай тестiлеу ЖОО-ға түсу емтиханы болғандықтан тестiлеу процесiнен мектеп мұғалiмдерiн босату. Үшiншi - мектеп балаларды ҰБТ-ға емес, мектеп программаларын игеруге дайындауы қажет болғандықтан мектептерде сынама тестiлеудi өткiзбеу. Төртiншi - мемлекеттiк бiлiм гранттарын оқу тiлiне, қазақ немесе орыс тiлдерiне бөлмей дайындау және тағы да бiрнеше ұсыныс бар. Осы ұсыныстарды Тамыз кеңесiнде кеңiнен талқылап, нәтижесi бойынша тиiстi шешiмдер қабылдаймыз», - дедi Ерлан Сағадиев.