» » Сағадиев: ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады

Сағадиев: ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады

 Мектеп бітірушілері Ұлттық бірыңғай тестті енді толықтай ағылшын тілінде тапсыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "Тапсырғысы келгендер ағылшын тілін таңдай алады. Ешкімді мәжбүрлемейміз, әр адам тест тапсыру үшін өз тілін таңдайды", - деді министр Мәжілістегі үкімет сағатының үзілісінде.  Министр тесттегі сұрақтардың барлығы қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқаларындағымен сәйкес келетінін нақтылады.  Еске салайық, биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарған. 2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгерген жоқ, алайда, тапсырушылар ыңғайы үшін аздаған өзгерістер енгізілді. ҰБТ үш міндетті және екі таңдаулы пәннен тұрады. 
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/
19 наурыз 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031