» » Қала әкімі нысандарды аралады

Қала әкімі нысандарды аралады

Өздеріңізге белгілі қала әкімі Н.Нәлібаев өңірімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, қаланың тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді. Өткен аптаның аяғында қала әкімі бір күндік жұмыс күнін, қаладағы құрылыс алаңдары мен бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысуға арнады.
Түске дейін, Тасбөгет кентіндегі балабақшаның құрылысымен танысқан қала әкімі, бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін қатаң тапсырды. 140 орындық балабақшаның құрылысына бюджеттен 527 млн. теңге қаржы қаралған. Балабақшада заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) қарастырылған және барлық бөлмелеріне жылы едендер орнатылған.
Мұнан кейін, шаһар басшысы Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданда бой көтеріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысының басында болды.
Бұл жобаның жалпы құны 974,4 млн. теңгені құраса, мердігер мекеме «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-і құрылыстың алғашқы кезеңіне бөлінген 160 млн. теңгені толық игерген.
Қала әкімі мердігер мекемеге құрылыс жұмысын тоқтатпауды тапсырып, қаржы мәселесінің жедел шешілуіне барынша ықпал жасайтындығын айтты. Әкім аялдаған келесі нысандар қаладағы ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары болды.
Жалпы айтқанда, биылғы жылы Қызылорда қаласы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту мақсатындағы 21 жобаға 3 млрд. 794,5 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, ауыз су құбырларын қайта жаңғырту бойынша - 8 жоба, кәріз су жүйесі - 5 жоба, жылу жүйелерінен - 8 жоба бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Сол жағалаудағы жаңа қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарымен қатар, құрылыс компанияларының өз қаржысы есебінен салынып жатқан 18 тұрғын үйдің және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңадан құрылысы басталған 8 үйдің құрылысымен де танысты.
Жалпы ауданы 10 мың 863 шаршы метрді құрайтын 220 пәтерлік 4 үйге республикалық бюджеттен 1 млрд. 521 млн. теңге қаралған. Бұл үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алу құқығымен жалға беріледі деп күтілуде.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 115,7 млн. теңгеге салынып жатқан, жалпы көлемі 15 мың 339,2 шаршы метр болатын 240 пәтерлік 4 үй ипотекалық несие арқылы табысталады.
Түскі үзілістен кейін қайта жалғасқан аралау жұмыстары барысында, қала әкімі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарында болды.
Атап айтқанда, Қарауылтөбе ауылдық округінде кәсіпкер Досхан Жүнісовтің 2 млрд. теңгеге жуық қаржысына салынған ауылшаруашылық кешенінің жұмысымен танысты.
Бұл кешен, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр және 6 гектарды алып жатқан бұл аумақта мал бордақылау алаңы, өнімділігі жылына 500 тонна құс етін өндіретін 800-1000 бас аралығындағы тауық фирмасы, мал сою пункті (жылына ангус тұқымды сиыр етінен 1000 тонна етті экспортқа шығару), жылына 20 тонна шұжық өнімдерін дайындайтын цех, жылыжай (өнімдері қараша айынан бастап сауда-саттыққа шығуда) орналасқан.
Келесі нысан, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қаржысына Қызылорда қаласының «Қараторғай-1» өңірінен салынған 120 дана жылыжайлар кешені.
«Натишаева» ЖК-ның бастамасымен осы аумақтан 2017 жылы 50 данасы және үстіміздегі жылы 70 данасы іске қосылған жылыжайда көкөністің қызанақ, қияр, ас көгі мен көк жуа дақылдары өсірілуде. Бұл жылыжайларды кәсіпкер 2026 жылға дейін лизингке алған.
Қала әкімі Н.Нәлібаев жұмыс соңында Ақсуат ауылдық округінде орналасқан «Самұрық құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Бұл шаруашылық өз кәсібін дөңгелету үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан жеңілдетілген негізде 28 млн. теңге несие алып және өз қаражаты есебінен 75 млн теңге қаражат жұмсаған. Қазіргі таңда, 20 мың құс ұстайтын екі ангар құрылысын салып, ол жерге 13 мың құс орналастырған.
Өз өнімдерін нарыққа шығару үшін «Сапсан гарант» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, күніне 7-8 мың дана жұмыртқаны қала халқына ұсынуда.
Қазіргі таңда құс фермасына 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, алдағы уақытта қосымша 10-15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Қала басшысы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігі мол осындай серпінді жобаларды жүзеге асырып отырған кәсіп иелеріне риясыз алғысын білдіріп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға қашан да дайын екендігін жеткізді.
08 тамыз 2018 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031