» » «Аль-Асад» супермаркеті ашылды.

«Аль-Асад» супермаркеті ашылды.

 

Қызылорда қаласында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, жаңадан ірі сауда орындарын ашу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Бүгін, осындай жұмыстардың нәтижесінде қаламыздағы Титов және Гагарин тұрғын аудандарының халқын азық-түлік және басқа да тұрмысқа қажетті тауарлармен толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Н.Нәлібаев:
– Биылғы жыл біздің өңіріміз үшін мол жетістіктер мен толайым табыстарға толы жыл болды.
Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылды.
Елбасы бүгінде экономикамыздың негізгі қозғаушы күші – кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп, мемлекет тарапынан осы саланы қолдауға бар мүмкіндіктер жасалуда.
Осының нәтижесінде біздің өңірде де биылғы жылдың өзінде кәсіпкерлік саласында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты.  Бүгін, жаңа жыл мерекесі қарсаңында жерлестерімізге мерекелік тарту ретінде, қаламыздың тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанымен толығуы көңіл қуантарлық жағдай. Бұл дегеніміз жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие болатындығының нақты көрінісі.
Осындай игілікті істері үшін жоба басшылығына алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін. Жаңа 2018 жыл әр отбасына бақ-береке сыйлап, елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін.- деді.
Мұнан кейін, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сауда орталығының жұмысымен танысып, ел игілігі және қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қызмет жасауға ниетті кәсіпкерлерді қай кезде де қолдауға дайын екенін жеткізді.
«Аль-Асад»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұрын осы жерде қараусыз қалған ескі ғимаратты қайта жаңғыртудан өткізіп, бұл жобаны жүзеге асыруға өз қаражаты есебінен 150 млн. теңгеден астам қаржы жұмсаған. 1 мың 300 шаршы метр аумақты алып жатқан сауда орталығында отандық өнімдерге басымдық берілген, сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің бағасы 10-15 пайызға төмен, яғни әлеуметтік дүкен бағытында қызмет көрсетеді.
Ең маңыздысы, заманауи талаптарға сай келетін бұл сауда орталығында 30 адам жұмыспен қамтылған.
Тұрғындарға сауда жасауға ынғайлы барлық жағдайлар жасалған және 30 автокөлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Бұған дейін, «Аль-Асад»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаламыздағы «Ескі базар», «Южный» мөлтек ауданы және Шымбай көшесінен «Аль-Асад» атауымен дүкендер желісі, қала халқына тұрақты қызмет көрсетіп келеді. 
Жалпы биылғы жылы Қызылорда қаласында, қала кәсіпкерлерінің қаражаты есебінен жалпы құны 6 млрд. 465 млн. теңгені құрайтын 166 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, онда жаңадан 1 мың 760 жұмыс орны ашылды.
02 қаңтар 2018 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930