Мүгедек күтімі үшін берілетін жәрдемақыны қалай өмір бойы алуға болады?
Мүгедекті күтушілерге берілетін жәрдемақының мөлшері қандай?
Биылғы 1 шілдеден бастап, жәрдемақы ең төменгі көнкөріс деңгейінің 1,05 бөлігіне, яғни 29 699 теңгеге тең. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15,6%-ға артық.
Қазір елімізде әлеуметтік көмектің бұл түрін 14 мыңнан астам азамат алады.
Жәрдемақы тағайындалуы үшін қайда хабарласу керек?
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мүгедектің тұрғылықты жеріндегі бөлімшесіне, яки медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша мүгедектігін белгілеген тұрғылықты жерге барып өтініш жаза алады.
"Электрондық үкімет" порталы арқылы да өтініш жазуға болады.
Жәрдемақы тағайындалуы үшін қандай құжаттар керек?
Өтініш;
Тұрғылықты жерге тіркелгені туралы анықтама;
Бала кезінен І топтағы мүгедек екенін растайтын құжат;
Күтуші (қамқоршы) мен баланың жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Күтуші (қамқоршы) екенін растайтын құжат (жергілікті әкімдіктен алынады);
Есепшотының нөмірі.
Өтінішті кім жазуы керек?
Өтінішті бала кезінен мүгедек деп танылған І топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі жазады.
Бұл азаматтардың мүмкіндігі болмаған жағдайда, заңнамада көрсетілген сенімхат негізінде басқа адамдарға өтініш жасауға уәкілеттік беруге болады.