» » КИНОМАТОГРАФИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢ ӘЗІРЛЕНДІ

КИНОМАТОГРАФИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢ ӘЗІРЛЕНДІ


Елбасы Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында «Мәдениет саласы ерекше маңызға ие. Сондықтан аталған саладағы заңнаманы жетілдіру керек» деп кино жөнінде жеке заң қабылдау туралы бұйрығын берген болатын. Осыған орай Мәдениет және Спорт министрлігі ҚР үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылдық жоспарында киноматография және оған ілеспе заң әзірлеуді мақсат етіп қойып отыр, деп қабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстандағы киноиндустрия бағытын дамыту туралы баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.
    – Киноматографиядағы барлық үдерістер Мәдениет туралы заңның бірнеше ғана бабымен реттелініп келген еді. Бұл ауқымды кино саласының барлық мүмкіндіктерін қамти алмайды. Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесінде кинематография саласына мемлекеттің баса назар аударылатыны белгілі. Оларда елеулі салық жеңілдіктері қарастырлып отырады. Мұнда арнайы қорлар мен киноны қолдау жұмыстары жасалған. Барлық дамыған елдерде фильмдерді шығару, кинематографты әлемдік нарыққа шығару және насихаттау мәселесі мемлекет тарапынан белсенді реттеліп, қолдау тапқан. Бізде осы Ресей, Франция, Қытай, АҚШ, Корея және т.б. елдердің тәжірибесіне сүйене отырып осы заң жобасын әзірледік деді, – Ақтоты Райымқұлова.
    Сонымен қатар ол ең жақсы деген әлемдік заң жобаларын ескере отырып, ұлттық киноны қолдау қорын құру және оның жанынан сараптамалық кеңесті құру ұсынылып отыр дей келе, бұл ұйым кинопракатқа бөлінген мемлекеттік қаржыны бөлу, пракаттау, көрсету және ұлттық фильмдерді одан әрі дамыту жөніндегі негізгі қор болып табылмақ. Қаражат алушылар тәуелсіз студиялар мен өндірушілер соның ішінде Қазақфильм студиясы да ашық байқауға тең дәрежеде қатсыа алады. Ұсынылатын киножобалардың таңдау шарттары, көркемдік және мәдени маңызы, әлеуметтік бағыты ескеріледі, – деп атап өтті.
    Статистика бойынша елімізде жыл сайын 250-ден астам фильм, соның ішінде телевизия және жеке жобалар шығаратын 35 фильм өндірістік ұйым бар. Соған сәйкес әзірленіп жатқан жаңа заң жобасында ҚР аумағында кинофильмдер көрсетілімі бойынша қызмет атқаратын ұйымдар үшін, кинопракаттаушы комапаниялар үшін, ұлттық фильмдер көрсеткеннен түскен табысты корпаративтік табыс салығынан босату, кинофильмдерді өндіру бойынша жұмыстар мен қызметтерді қосымша құн салығынан босату сықылды салықтық жеңілдіктер де қарастырылып отыр.
03 қаңтар 2018 ж. 1 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031