» » » Мәдениет және спорт министрі киноға бөлінетін қаржыны 30% қысқартпақ

Мәдениет және спорт министрі киноға бөлінетін қаржыны 30% қысқартпақ

2021 жылға қарай Мәдениет және спорт министрі кино өндірісіне бөлінетін қаржыны үш есе қысқарта отырып фильмдер санын көбейтпек. Бұл туралы кезекті Мәжіліс отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
«Концептуалды қадам – (V – заң жобасы) ұлттық киноны мемлекет тарапынан қаржыландыруға жаңа модель енгізу. Өндіруші, продюсер және шығармашылық топ түсірілім барысында өздерінің гонорарларын алып қоятындықтан, олар картинаның коммерциялық жағынан дамуына үлес қоспайды», - дейді Мұхамедиұлы.
Осыған орай, фильмнің таралуына сәйкес гонорар төлеу ұсынылды. Әлеуметтік маңызы жоғары фильмдер ғана толық қаржыландырылатын болады.
«Бұл бірінші кезекте тарихи, патриоттық, деректі, анимациялық және дебюттік фильмдер», - деп түсіндірді министр.
Ал қалған фильмдер инвесторлар тартып, жекеменшік капитал есебінен қаржыландырылады.
«Осы модельге сәйкес, 2021 жылға қарай өндірілетін фильмдердің санын көбейтіп, оларға жұмсалатын бюджетті 30% пайыз қысқартамыз деген ойдамыз», - дейді министр.
27 желтоқсан 2017 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031