ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА

Бағдарлама бойынша 16 спорт түрінен жарыстар Қызылордада өтті. Сыр спортшылары тоғызқұмалақ, ауыр атлетика (ұлдар, қыздар), гандбол (қыздар), каратэ-до (ұлдар, қыздар), таеквондо (қыздар), қазақ күресі (ұлдар, қыздар), шахматтан ұйымдастырылған жекелей сайыстарда жалпыкомандалық есепте көш бастады. Сонымен қатар, облыс командасы грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, велотректен өткен сайыстарда екінші, әйелдер күресі, бокс (қыздар), стенд ату жарыстарында ІІІ орынға ие болды.
Айта кетейік, Қызылорда командасы спартакиада тарихында алғаш рет жүлдеге ілігіп отыр.