ЕЛЕНА – ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

Оларға қазылық еткен өнер майталмандары үміткердің орындаушылық шеберлігін, ән айту мәнері мен дауыс ырғағына, әнді жанды дауыспен орындауын, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне мән берді.
Байқауда нәтижесінде бас жүлдені Далдабай ауылынан келген Орнықхан Фазыл жеңіп алды. Келесі орындарды Бұқарбай ауылдық округінен қатысқан Ботагөз Садықова иеленсе, ІІ орынды Серікбол Жақсылық (М.Шәменов ауылы), Аружан Төлепберген (Мәдениет ауылы) өзара бөлісті. Ал ІІІ орында Гүлсім Әбжапбарова (Мақпалкөл ауылы), Нұрболат Шалабай (Жаңадария ауылы), Аманжол Жорабек (Аққыр ауылы) еншіледі. Жас өнерпаздарды сазгер Елена Мәжитқызы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.