» » КЕНТ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

КЕНТ КЕҢЕЙТІЛЕДІ


Елбасы Жолдауында  жүктелген міндеттер қай саланың болмасын алға басуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Ендігі кезекте  әрбір қазақстандық  осыЖолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуі қажет.Облыс әкімдігінде  өңірлік комуникациялар қызметінде  өткен брифингте аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев осылай деді. Әкім былтыр  Жалағаш ауданында атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жолдаудың басты идеясы-өнеркәсіптік революцияның жаңа мүмкіндіктерін өзіміздің даму мақсатымызға пайдалану. Төртінші  өнеркәсіптік ревалюция дүниенің мазмұнын өзгертпейді,өмір сүру сапасын өзгертеді. Былтырғы жолдау әлеуметтік–экономикалық сипатта болса, биылғы саяси құжаттыңөзегі технологияландыру мен цифрландыру екенін анық байқаймыз. Бүгінде Жаңаталап,  Жаңадария,  Далдабай, Мырзабай ахун, Аққыр, Жаңақоныс елді мекендері сымсыз EVDO байланысы арқылы интернет желісіне қол жеткізіп отыр. Бірақ, бұл байланыс  пайдаланушылардың интернетке сұранысына сәйкес келмей тұр. Мырзабай ахун, Аққұм, Жаңадария, Мақпалкөл, Аламесек ауылдарын «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің шеңберінде жердегі талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы интернетке қосу қолға алынды. Ал, екінші кезеңінің шеңберінде  LTE-800 мобильді байланыс желілері арқылы Аққыр ауылы мен  Далдабай, Жаңақоныс елді мекендерін интернетке қосу жоспарлануда,-деді Қ.Сәрсенбаев. Сонымен қатар, аталған бағдарламаның  2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспар аясында облыс бойынша биыл халықтың  компьютерлік сауаттылығын кем дегенде 76 пайызға жеткізу жоспарланған болатын. 1761 адамды білім беру ұйымдарының базасында оқыту қолға алынды. Өңірдегі  20 мектептегі 6412 оқушыға 1226 мұғалім, оның ішінде 47 информатик пәнінің мұғалімі сабақ береді. Сонымен қатар 20 бағдарламашы мен20 инженер жұмыс жасауда. Өңірде қолға алынған жобалар жайында баяндаған аудан басшысы Жалағаш төңірегінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Барлық сала бойынша қолға алынған жобалар жемісті болуда. Өнеркәсіп өнімдері 8,7 пайызға артып, өңдеу өнеркәсібі 105,7 пайызға орындалды. Өңірдегі өнеркәсіп өнімін өңдіретін  ірі кәсіпорын «АгроХолдингБайқоңыр»ЖШС былтыр облыстың47 шаруашылық  құрылымымен 1 млрд 745,3 млн теңге көлемінде қаржыландыруға келісімшартқа отырды. Оның ішінде ауданның 18 шаруашылығы 438 млн теңгеге жұмыс жасады.  Брифинг барысында денсаулық, білім, спорт,  мәдениет сияқты бірқатар салалар бойынша жетістіктерді тілге тиек еткен Қайратбек Сәрсенбаев осы жылы да ауданда үлкен жобалар қолға алынып, кентті кеңейту күн тәртібінен түспейтінін айтты.
БИНАЗИР ЖАХАНША
15 ақпан 2018 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031