» » ҰЛТ БОЛМЫСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚАЛАМГЕР

ҰЛТ БОЛМЫСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚАЛАМГЕР

     Биыл көрнекті жазушы Мырзабек Дүйсеновтің туғанына 90 жыл толуына орай Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында «Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға республикаға белгілі ғалымдар мен ақындар, жазушылар қатысты.
Шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында атқарылған нәтижелі қадам екенін айтты.
– Бір мемлекет екінші елге тек үш дүниемен ғана мақтанады. Ол – төл әдебиеті, өнер-ғылымы, тарихы. Әлемдегі барлық ғылым мен мәдениетті өркениеттің алып көші деп қарастырсақ, қазақ әдебиеті сол көшке көз қызықтырар сән-салтанатымен қосылатыны даусыз. Заңғар тұлға Мырзабек Дүйсенов те сол қатарда. «Әдебиет – ардың ісі» дейтін болсақ, кешегі кеңестік дәуірде Алаш қайраткерлерін шығармасына арқау етіп, қазақтың классик ақыны Ілияс Жансүгіровтен бастап Әбділдә Тәжібаевқа дейінгі қаламгер еңбегін тыңғылықты зерттеп, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты, – деді Руслан Рүстемұлы.
Жиында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бағдат Кәрібозұлы жазушының еңбегін студенттер қызыға оқитынын жеткізді. Ал Филология ғылымының докторы Гүлжаһан Орда «Ұлттық әдебиеттегі рухани жаңғыру» тақырыбында баяндама оқып, жазушы еңбектері неліктен құнды деген сауалға жауап берді. Алқалы жиын әрі қарай ақындар айтысына ұласты. Қазылар алқасының шешімімен М.Ниязов Шиелі ауданы әкімдігі тіккен 500 мың теңгелік бас бәйгені жеңіп алды. І орынды М.Сұлтанхан қанжығасына байласа, ІІ орынды М.Айтбай мен К.Оралова олжалады. Жүлделі ІІІ орын Н.Мансұров, А.Рахметов және тараздық Р.Дөңбайға бұйырды.
А.ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
23 тамыз 2018 ж. 1 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930