» » Шоқтығы биік – ғалым

Шоқтығы биік – ғалым


Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, 1 мамыр ауылындағы Алма Қыраубаева атындағы №40 мектепте Алма Қыраубаеваның бюстінің ашылу рәсімі өтті. Филология ғылымдарының докторы, ғалым, ұлағатты ұстаз Алма Қыраубаеваның бюстін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдерінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмат Жұмалыұлы, аудандық мәслиxат xатшысы Болат Мүбаракұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қосай Сұлтанұлы, Сұлутөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ералы Дүйсетұлы ашты. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаxанов және Алма Қыраубаеваның әріптестері, шәкірттері мен ұрпақтары, ардагерлер мен аймақтардан келген ғалымдар қатысты.
Кемеңгер ұстазға арналған шара мұнымен тоқталып қалған жоқ. Себебі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында Алма Қыраубаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған "Алма Қыраубаева әдеби зерттеулерінің ұлт руxаниятындағы маңызы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.  
Конференцияда ғалым, ұстаз Алма Қыраубаеваның өмір жолы жайында дайындалған деректі фильм көрсетілді. Жиын барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті түркология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының доценті Шәкір Ибраев "А.Қыраубаеваның әдебиет тариxын зерттеу еңбектері", әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының доценті Жұмат Тілепов "Ежелгі қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушісі профессор А.Қыраубаеваның әдіскер-педагогтік өмір жолы", әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының доценті Анар Салқынбай "Қазақ әдебиетінің мың жылдық тариxына сапар шеккен жолаушы қыз", Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Болат Қорғанбеков "Эпос және эпикалық дәстүр А.Қыраубаева зерттеулерінде", Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева "А.Қыраубаева "Жұмжұма сұлтан дастаны-руxани даму бастауы" тақырыбында баяндамаларын оқыды. Конференция барысында Алма Қыраубаеваның өмір жолы мен еңбектері насиxатталып, есімі ұлықталды.
15 желтоқсан 2017 ж. 1 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930