Ауа райы: Циклонның ықпалы әлі бар
“Қазгидрометтің” хабарлауынша, республиканың басым бөлігіне циклон мен оның атмосфералық бөліктері әсерін тигізеді, соның салдарынан жаңбыр жауады, солтүстік-шығыстың кей жерінде нөсер болуы мүмкін. Еліміздің көп бөлігінде бұршақ жауып, жел де күшейеді.
Мамандардың болжамына қарағанда, республиканың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Батыста және оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жауады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін “Қазгидромет” синоптиктері 25-27 күндері еліміздің көп бөлігінде толассыз жаңбыр жауатынын хабарлаған еді.