» » bookcafe-ГЕ КЕЛІҢІЗ!

bookcafe-ГЕ КЕЛІҢІЗ!

    Өткенде ғана мейрамхана, кафе-бар, антикафе, квест сияқты орынмен таныссақ, енді bookcafe ашылды. Оны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханадан табасыз.
Заманауи жабдықпен жабдықталған кітапхана іскерлік кездесу, шеберлік сабақ өткізу орталығына айналды. Оған дәлел – өткен жылы ІТ саласындағы жастардың басын қосатын орталық ашылды. Енді, міне, жастардың кітап оқуға қызығушылығын ояту, бизнес идеясын қолдау мақсатында bookcafe және коворкинг-орталығы ашылды. Аталған орталық белсенді жастардың уақытын тиімді өткізуге, еркін пікір алмасуға, қарым-қатынас орнатуға тапсырмас алаң. Bоок кафеде кітап оқумен қатар кофе, шай ішіп, демалуға жағдай жасалған.
Коворкинг-орталығы әлеуметтік маңызы бар бастама мен жобаны бірлесе жұмыс жүргізуде таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Коворкинг орталығы іскерлік қатынас, бейресми кездесу, демалыс және жеке жұмыстар жасауға арналған төрт бөліктен құралған. Іскерлік қатынас бөлігі шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың басын қосып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға арналған. Мұнда жастар өз жобасын, идеясын талқылайды. Сондай-ақ іскерлік кездесу, пікірталас, лекция, семинар, шеберлік сағаты мен тренинг ұйымдастыруға болады. Мұнда жұмыс істеуге қажетті компьютер, проектор, экран, маркерлі тақта, диван, стол, үстелмен жабдықталған. Ал бейресми кездесу аймағында интеллектуалды ойын, көрме өткізуге, вебинар және фильм көруге мүмкіндік жасалған. Демалыс аймағында жастардың бос уақытын тиімді пайдалануда шахмат және үстел теннисін ойнауға болады. Заманауи орталық сүйікті ісімен айналысуға, жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламасы аясындағы креативті жобасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
29 тамыз 2018 ж. 955 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031