БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Үздік эссе онлайн-конкурсының мақсаты басқа елге тұрақты тұруға кеткен адамдардың туған жерге деген сағынышын, сүйіспеншілігін білу арқылы туған жердің қадірін түсіну, Отанға деген патриоттық сезімді ояту болса, «Қызылорда – менің сүйікті қалам!» байқауы туған жерге, сүйікті қалаға деген сүйіспеншілікті арттыру, көрнекті жерлері мен тарихи жәдігерлерін насихаттау, жас ұрпақтың бойына туған еліне, сүйікті қаласына деген патриоттық сезімді оятуды мақсат еткен.
«Қызылорда – сүйікті қалам» тақырыбындағы байқауда І орынды Бағдат Есжан, ІІорынды Дарын Кемелов, ІІІ орынды Сәулебек Мұрат жеңіп алды. Ал, «Туған өлке естеліктері» тақырыбындағы үздік эссе онлайн-конкурсында Мұратхан Қалиалан топ жарды. Ал Өмірбек Қуанышбек пен Жұман Қанай жүлдегерлер қатарынан көрінді. .