» » » ӨЛКЕТАНУ ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ӨЛКЕТАНУ ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ


Туған жер − қасиетті мекен. Әрбір адам өзінің кіндік қаны тамған жерінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білу керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керегін атап өтті.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Қазақ елінің, Сыр өңірінің тұмса табиғаты, тарихи орындары ұшан теңіз.  Сондықтан білім беру саласында өлкентану жұмыстары жүргізілуде. Тарихи ескеркіштер қалпына келтірілмек. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні осында.
Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керегіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиетке де  ие болу керек. Бұл бағытта оқушыларды туған елдің, жердің тарихымен таныстыру үшін арнайы экскурсиялар ұйымдастыру маңызға ие. Тарихымызбен қатар әрбір өңірдің табиғатындағы ерекшелік, дәрілік өсімдіктер туралы балалардың жетік білгені дұрыс.
Айжан КӨШЕРБАЕВА,
№40 А.Қыраубаева атындағы
орта мектептің мұғалімі.
01 ақпан 2018 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031