» » Елбасы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

   Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Шолпан-Ата қаласында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шараға Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған, Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов және Венгрияның Премьер-министрі Виктор Орбан қатысты.
3D-графикасын қолдана отырып ұсынылған театрландырылған қойылымға мыңнан астам актер, музыкант, әнші, шабандоз және спортшылар қатысты. Олар цирк өнерін, шабандоздық тәсілдерін, отты шоу көрсетіп, акробаттық жаттығулар орындады.
Фото: Ақорда
Бұл ойындар спорттың 37 түрін, соның ішінде қырғыздың 16 ұлттық және басқа да көшпенді халықтар спортының 21 түрін қамтиды. Атап айтқанда, түрлі қашықтықтағы ат бәйгесінің 8, күрестің 13, дәстүрлі садақ атудың 5 және зияткерлік ойынның 3 түрінен сайыстар өтеді. Сондай-ақ, ит жүгіртіп, құс салатын ұлттық аңшылық ойындардан жарыс болады. Ойындарға әлемнің 60-тан астам елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады.
Фото: Ақорда
Еске сала кетсек, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу барысында Қырғызстанмен арадағы шекаралық мәселелер толық шешімін тапқанын айтты.


03 қыркүйек 2018 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031