» » Апталық жұлдыз-жорамал

Апталық жұлдыз-жорамал

   (6 - 13 қыркүйек)
    Тоқты
    “Бір қиындықтың артынан екі жақсылық күт” демекші, кез келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Аптада ісіңіз алға басады. Сондықтан бәріне түсіністікпен қараңыз. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсінісу қиындау болмақ. Бірақ бәрі өткінші, көңіл бөлмесеңіз де болады.
Торпақ
   Апта басы қауырт тірлікпен басталғанымен, ортасында барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады немесе кино театрға барып, уақытыңызды қызықты өткізіңіз.
Егіз
   Достарыңыз тарапынан қолдау көріп, беделіңіз өсуі ықтимал. Ол үшін еңбектену керек. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек еңбек жеңбек. Сол үшін жұмыс істеуді бірінші орынға қойыңыз.
Шаян
   Еңбегіңізді бəрі бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз. Арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.
Арыстан
   Сізді қолбала қылып жұмсағысы келетіндер табылады. Өзіңізді əлсіз қылып көрсетпеңіз. Кейбіреулердің сондай пасық қылығына күйінбеңіз. Өзінен өзі бәрі қалыпқа келеді, тек сабыр сақтап күтсеңіз болды.
Бикеш
     Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас тартпай, арасында бас қосуға барыңыз. Әйтпесе достың арасында қадіріңіз қалмауы да мүмкін.
Таразы
   Аптада үлкен жаңалық болмақ. Сізге жақындардан естіген жылы сөз қуат береді. Үнемі осындай жылылықты сезіну үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.
Сарышаян
   Денсаулығыңызға, тамақтануыңызға көп көңіл бөліңіз. Жаңа таныстықтан қашпаңыз, мүмкін ол адам болашағыңыз болар. Достарыңызбен ойнап сөйлесуден сақ болыңыз, əзіліңіз ұнамай қалуы мүмкін.
    Мерген
    Апта барысында өмiрлiк ұстанымыңызды өзгертетiндей оқиға болуы мүмкiн.  Алдыңызға жаңа өмiрлiк мақсат қойып үйренген жөн. Дегенмен бәрiн жаңадан құруға асықпаңыз. Бәрi өз орнына келуi ғажап емес.
Тауешкі
    Ғаламторда көп отырсаңыз, дәл өзiңiздей ойлайтын адамдармен танысып, тiлдесесiз. Сiздiң ортаңыз жаңарып, қызықты оқиға орын алмақ. Апта сіздің естен кетпес сәтіңізге айналмақ.
Суқұйғыш
     Жұлдыздар бұл аптада саяхатқа шықпауға кеңес береді. Жаңа жоба қолға алсаңыз, ісіңіз алға басады. Нәтижесінде абыройыңыз артады.  Басшыңыз жұмысқа көп көңіл бөлуді талап етеді.
Балық
  Осы апта бiркелкi өтедi. Сiз тобыңыздан бөлiнiп, өзiңiздi көрсеткiңiз келедi, бірақ оның қажеті жоқ. Сіз онсыз да ерекшесіз. Аптада жаңа таныстық орын алмақ. Ол сізге жұмыс табуға септігін тигізеді.
06 қыркүйек 2018 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031