Қызылорданың 10 романтикалық көрікті жері
Әр қаланың халық көп баратын романтикалық жері болады. Осы ретте Қызылорда қаласының романтикалық орындарымен таныстырамыз.
Жағалау
Қызылорда Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Өзеннің өзі қаланың ең мақтанарлық жері. Жағалаудағы көз тартар жарық шамдар мен орындықтар бұл жерді одан әрі көріктендіре түседі. Дәл осы жерге мектеп түлектері таңды атыруға келеді. Атақты дарынды адамдар да дәл осы жағалаудан шабыт алатын. Әсіресе, күн батарда бұл жердің көркі қыза түседі.
Тұңғыш Президент бағы
Жасыл шөптер, талдар мен көз жауын алатын гүлдері бар баққа жастар жағы көп ағылады. Мұнда кез келген жыл мезгілінде сурет түсірілімін жасаса болады.
Батырхан Шөкенов атындағы саябақ
Халық арасында Пинпарк де аталатын бақ қаланың дәл ортасында орналасқан. Саябаққа Батырхан Шөкенов есімі берілді. Онда балаларға арналған алаң мен картодром бар. Әрі кездесу өткізуге де қолайлы орын.
Студенттік арбат
Бұл қаланың нағыз жүргінші жолағы көп көшесінен бой көтерген. Бұл жердің ерекшелігі мұнда мәңгі жасыл талдар өсіріледі. Егер жұбыңыз екеуіңізге отырар орын табылмаса, жаяу жүріп қайтудың өзі артық болмайды.
Сарқырама
Тарихы көп кішігірім арна қаланың орталығымен ағады. Мұнда да ғашығыңызбен ай жарығы астында серуендеп жүруге болады. Бірнеше
жылдан соң осы жердегі алғашқы кездесуіңізді жақсы көңіл-күймен еске алып отырасыз.
Сыр-ана монументі
Сыр-ана монументі Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. 40 метрдей болатын ескерткіште қазақтың ұлттық киімін киген әйелдің билеген бейнесі жасалған. Ол жерден 107 саты арқылы алаңға шығып, барлық маңның панорамалық түрін көруге болады.
«Сыр сүлейлері» жаңа аллеясы
Аллеяның ортасында домбыра мен қобыз, қылқалам бейнеленген ескерткіш орналастырылған. Ескерткіштің түп мақсаты ауыз әдебиеті үлгілерін, Қорқыт жайын насихаттау. Бұл жерге келушілер уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, рухани байып шығады.
«Оазиз» су бұрқағы
Қызылорданың жазы өте ыстық болатыны бәріңізге белгілі. Сондықтан жаз кезінде барлығы субұрқақ астына жиналады. Ғашықтар дәл осы жерге келіп, сүйіктісіне арнаған өлең жолдарын оқи алады.
«Болашақ» көпірі
«Болашақ» университетінің жанында орналасқан көпірден, әсіресе, түнгі Қызылорданы көріп тамашалауға болады. Көпірге келген жастар арғы бетінен келесі бетке өткенге дейін тілек айтып жатады.