» » ЕН ТОҒАЙҒА ЕЛ ҚОНДЫРҒАН ҚҰТТЫ ЖЫЛ

ЕН ТОҒАЙҒА ЕЛ ҚОНДЫРҒАН ҚҰТТЫ ЖЫЛ


Сыр елінің сәулеті, әлеуметтік-экономикалық да­­муы қала ажарымен айшықтала түскен. Алты Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің бас қаласы Қы­зыл­орда бүгінде айрықша көз тартады. Шаһар­дың 200 жылдық мерейтойына үлкен дайындық  бас­талған секілді.
Қала соңғы уақытта өзгеше ке­йіпке еніп, бүгінгі заманға сай келбетке ие болды. Бүгінде қа­ланың көптеген аудандарында аллея мен скверлер бар. Жыл көлемінде мыңдаған кө­шет­тер мен гүлзарлар отыр­ғызылады. Қаланың әсем кел­­бетін айшықтайтын Жібек жо­лы даңғылының бойына түрлі архи­тек­туралық формалар, жаңа дема­лыс орындары мен саябақтар са­лынуда. Мы­салы, өткен жылы «Қу­ғын - сүргін құрбандарын еске алу» ес­керткішінің аумағы абаттан­дырылып, мемлекет және қо­ғам қайраткері Мұстафа Шоқай ескерт­кіші ашылды. Тұңғыш Президент саябағы Рәміздер ала­ңына дейінгі аумақта қо­сым­ша 36 гектарға ке­ңейді. Қаламыздың сәу­лет­іне көрік берер жа­ңа қақпа пайдалануға берілді. Ел­ба­сының «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын жүзеге асыруда аймақ басшысының тіке­лей бастамасымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Абзал және К» то­лық серіктестігінің демеу­ші­лігімен қала орталығынан «Ана бақыты» аллеясы бой көтерді.
Әлемдегі бірқатар мем­ле­кет­тердің астаналары өзеннің екі бетінде орналасқан. Мәсе­лен, жауһар қала Париж Сена өзе­нінің, Лондон Темза өзенінің қос жағалауында. Ал асқақ рух­ты Астана Есіл өзенінің екі жаға­лауында бой түзеді. Ару қала Астанаға қарап бой түзеп келе жатқан шаһарлардың бірі – Қызылорда. Сырдария өзе­нінің сол жағалауын игеру Қы­зыл­орда қаласының бас жос­парына сәйкес жүзеге асуда. Бұрын дарияның жағасында серуендеу мұң еді. Қа­зір толық абаттандырылған жа­ғалау ха­лық­тың кешкі демалыс орнына айналды. Өзенді жағалай ор­наласқан Тәуелсіздік даң­ғылы ел игілігіне ұсынылды. Ұзын­дығы 7,5 шақырымды құ­райтын айнал­ма жолдың бойында барлық стан­дарттарға сәйкес жарық ба­ға­налары, аялдамалар және жа­яу жүргіншілер жолы, арнайы вело­жолақ қа­рас­тырылған. Қала­ның екі шетін байланыстырған әсем даң­ғыл кө­лік қозғалысына да оңтайлы болды.
Өткен жылдың мамыр айын­­да­ құрылыс компания­лары­ның өз қа­ражаты есе­бінен Сырдария өзе­нінің сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұр­ғын үй және 320 орынды­ ба­лабақша, «Бо­лашақ» уни­вер­ситетінің сту­­­денттер қала­шығы, жас­тар­ ор­талығы, Қазақ Орталық Ат­қа­ру Комитеті мұражайының ғи­­ма­раты салынуда. «Абу-Сер» жа­уапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі арқылы мемлекеттік-же­ке­меншік әріптестік аясын­да балабақшаның құ­ры­лысы аяқ­та­луға жақын. Биыл осы аумақта 100 келушіге арналған емхана мен 300 төсектік көпсалалы об­лыс­тық ау­рухана, Неке сарайы, 600 орындық мектеп, 500 келушіге арналған емха­на­ның құрылысын бас­тау жос­парланған. Осылай­ша, Сыр­дың бас қаласы да­рияның сол жағалауынан да бой көтермек. Сәулеті мен сә­ні ке­ліскен ша­һар ажарлана түс­пек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыр − Алаштың анасы» деп қана қоймай, әркез Сыр халқын қолдап отырады. Содан да болар, аймағымызда  соңғы бес жылда өміршең жо­балар мен ауқымды жұ­мыс­тар жүзеге асырылды. Қа­ла мәдениеті мен шаһар кел­бетінің көркеюіне, Сыр өңірі бас қаласының жаңа түлеп, құлпыруына аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлі­баевтың еңбегі зор. Қаланың сәу­леті мен сәні үй­лесіп, шекара­сы­ның кеңеюі ха­лықтың әл-ауқа­ты­ның жақсар­ғанын білдіретіні анық. «Еділдің бойы ен тоғай,ел қон­дырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге,  мал толтырсам деп едім» - деп ер Махамбет армандағандай, Сыр халқы менатқа мінген ел аға­ларының  асқақ арманы­ орын­далар күннің де ауылы алыс емес.
Гүлбану МАҚАЖАН
05 қаңтар 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031