» » Лимонмен емдеуге болатын сырқаттар

Лимонмен емдеуге болатын сырқаттар

    Лимонды әдетте тропикалық жеміс деп білеміз. Дегенмен, оның адам денсаулығына пайдалы қасиеттері бар екен. Ондағы дәрумендер мен пайдалы қоспалардың молдығы сонша, оны "әмбебап" жеміс деуге де келеді. Тамақ ауырғанда, іш қозғанда, тіпті гепатитте лимонды естен шығармаңыз! Тамақ ауруы (Ангина) Тамақ қатты ашыған кезде бір лимонның жартысын қабығымен жеңіз. Ащы, бірақ өте пайдалы. Сонымен қатар, лимон шырынымен тамақты шаюға болады. Оны сумен араластырып, бір күн бойы әр сағат сайын жеңіл шайып отырасыз. Бронхит Егер бронхитке дейін жетсеңіз тазаланған ақжелкектің 50 грамын 2-3 лимонның шырынымен араластырасыз. Сосын шәй қасықпен күніне төрт рет қабылдап отырасыз. Сонымен қатар, сарымсақ пен лимон қоспасы да асқынған бронхиттің алдын алады. Ол үшін 5 лимонды қабығымен және 4 бүтін сарымсақты майдалап, араластырасыз. Содан кейін, бір литр су қосыңыз. Сосын қараңғы жерде бес күн сақталуы тиіс. Дайын болған дүниені күніне 3 рет тамақтанудан 20 минут бұрын қабылдау керек. Тұмау Шәйға дәрілік шөптермен қоса лимонды да салып ішіңіз. Алдымен суға қырмызы, жалбыз, шәлім мен жолжелкендерді салып қайнату керек. Осындай әмбебап қоспа ағзадағы кальцийдің мөлшерін теңгереді. Ал кальций дене температурасының төмендеуіне таптырмас ем болады. Гипотания Артериалды қан қысымы төмендеген кезде 5-6 лимонды еттурағыштан өткізіңіз. Дайын болған лимонды пюреге бадан жапырағының туралғанын салыңыз. Сосын оны қайнаған суға қосып, 36 сағат мұздатқышта сақтаңыз. Ал содан кейін жарты килограмм бал араластырыңыз. Барлығын жақсылап араластырғаннан кейін тағы 25 сағатқа мұздатқышқа қоясыз. Сосын күнде үш мезгіл тамақтан 30 минут бұрын қабылдаңыз. Жазылу мерзімі – үш апта.
zharar.com
09 қыркүйек 2018 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031