» » СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ AIBA ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР

СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ AIBA ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР

    Қазақстан бокс федерациясы Серік Қонақбаевтың кандидатурасын Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенттігіне (AIBA) ұсынды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. AIBA-ның президенті мен атқарушы комитетінің мүшелерін сайлау Мәскеуде 2-3 қарашада өтетін конгресс отырысында өтуі тиіс. Қауымдастық президенті қызметін 2018 жылдың қаңтар айынан бері өзбекстандық Ғафур Рахимов уақытша атқарып келе жатыр. Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновтың айтуынша, қазіргі таңда ұйым Қонақбаевтың кандидатурасын қолдауға шет елдерден қолдау күтуде. «AIBA-ның бекітілген ережесіне сәйкес біздер өзіміздің бастамамыз туралы барлық ұлттық федерацияларды хабардар еттік, енді олардан жазбаша жауап күтеміз. Одан кейін құжаттар пакетін AIBA-ның штаб-пәтеріне жолдаймыз. Құжаттар тексерілгеннен кейін бұл туралы халықаралық қауымдастықтың ресми сайтында жазылады» деді ол. 58 жастағы Серік Қонақбаев елімізге және әлемге танымал бұрынғы боксшы. Ол 1980 жылы Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген. 1982 жылғы әлем чемпионатында да күміс алқа таққан. 1979, 1981 жылдары Еуропа чемпионы және әлем кубогының иегері атанды. Кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін ол Парламент мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты болып еңбек етті. 1992-2007 жылдар аралығында 15 жыл бойы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын басқарды. 2010 жылы AIBA атқарушы комитетінің мүшелігіне енді. Ал 2014 жылдан бері AIBA вице-президенті және Азия конфедерациясының президенті қызметін атқаруда. Еске сала кетсек, 2017 жылдың шілде айында AIBA атқарушы комитетінің 13 мүшесі қауымдастық президенті Чинг Куо Вуға сенімсіздік танытып, оның қызметіне қарсылық білдірген еді. Ву бұл қызметті 2006 жылдан бері атқарды. Оның биліктен кетуіне ұйымдағы қаржылық проблемалар себеп болған.


09 қыркүйек 2018 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930