» » БОКСТАН БЕРЕКЕ КЕТТІ

БОКСТАН БЕРЕКЕ КЕТТІ


Халықаралақ Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасынан әуесқой боксты алып тастауы мүмкін. Мұндай шешімді ХОК отырысынан кейін комитеттің президенті Томас Бах мәлімдеді. 
– Бокс 2020 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеуі мүмкін. Біз әлі де боксты 2020 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындары мен Токиодағы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастау туралы мәселені қарастырамыз – деді Бах.
Сонымен қатар Бах Халықаралық бокс ассосациясында (AIBA) мәселе көп екенін айтты. Нақтырақ айтсақ, басты мәселе – Олимпиада ойындарындағы төрешілер жағдайы. Оның айтуынша, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада екі жекпе-жек күмән келтіріпті. 
Оның бірі ресейлік Евгений Тищенко финалда жерлесіміз Василий Левитті жеңген кездесу болса, екіншісі тағы бір ресейлік боксшы Владимир Никитен мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы кездесу.
«Біз AIBA әділдігіне уайымдап отырмыз. ХОК-тың этика жөніндегі басшысынан есеп алдық. Сондай-ақ ұйымның спорттық директорының да есебін тыңдадық. Оның қорытындысы бойынша, желтоқсан айында AIBA-ны қаржыландыруды уақытша тоқтату деген шешімді күшінде қалдыратын болып шештік».
ХОК-тың атқарушы комитеті AIBA-ның басқармасы, қаржысы, төрешілері және допингке қарсы күресіне көңілдері толмайды.
Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Левит төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша Тищенкодан жеңілген еді. Бірақ жекпе-жектен кейін жанкүйерлер төрешілердің шешіміне наразылығын білдірді.
Өткен жылдың соңында Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) президенттік қызметін 11 жыл атқарып келген Чинг-Куо Ву қызметінен босатылды. Оған себеп парақорлық және ұйым өкілдерінің тарапынан тағылған бірнеше айып болды. Қазіргі уақытта AIBA президенті қызметіне Орталық барлау бюросының бақылауында жүрген өзбекстандық азамат Ғафур Рахимов атқарып жатыр. 
08 ақпан 2018 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930