«Қазгидромет» РМК 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады
«Қазгидромет» РМК 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде. Кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте - шаңды дауылмен. Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта, шығыста кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең тұман болады, Солтүстік Қазақстанда күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, шаңды дауылмен. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөліктерінде, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.