» » Ат бәйгесі өтті

Ат бәйгесі өтті

   Арал ауданы Тоқабай ауылында Қуаныш Бердімағанбетовты еске алу шарасында ұлттық ат спорты түрлерінен құнан, тоқ және аламан бәйгелері өткізілді.
Алдымен 12 шақырымдық құнан бәйгеде Шиелі ауданы Бала би ауылының «Нар қызыл» есімді күрең аты өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйгені жеңіп алды.
Тоқ бәйгеде 18 шақырымды Арал ауданы Жақсықылыш кентінің «Баққұс аты» есімді торы аты басқалардан бұрын бағындырып, топ жарды.
Ат жарысының көркін қыздырған 27 шақырымдық аламан бәйгенің бас жүлдесі Арал ауданы Тоқабай ауылының «Бас Батыр» атты торы қасқасына бұйырды. Аламан бәйгеде бас жүлдеге тігілген автокөлік кілтін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеңімпазға табыс етті.
12 қыркүйек 2018 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031