Жастар керуені Жаңақорғанда
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, Астана қаласының 20 жылдығына орай, Қызылорда облысына қарасты аудан орталықтарына 6-13 желтоқсан аралығында «БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАҢҒЫРУ» облыс жастарының керуені өткізілді. Көш керуен аясында Жаңақорған ауданы Аққорған ауылында, Шиелі ауданы, Иіркөл Нартай ауылында Арал ауданы, Шиаға елді мекенінде Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылында, Қармақшы ауданы, Ақай кентінде Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концертке Сыр елінің облысқа және республикаға танымал өнерпаздар өнер көрсетіп, жастар арасында қызықтй ойындар ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталды.