» » Көлікті сүйреп жүрген 6 жасар бала жұртты таңдай қақтырды

Көлікті сүйреп жүрген 6 жасар бала жұртты таңдай қақтырды

  Ақмола облысының Қажымұқан аулында 6 жасар Бекмансұр рекорд орнатты. Ол жеңіл көлікті 20 метр қашықтыққа сүйреп апарды.
Бекмансұрдың көлікті сүйреп бара жатқан сәтінің видеосын Facebook желісінде жариялаған Әмір Махмет есімді қолданушы онымен мақтанатынын айтты.
«Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Мен мұны мақтан тұтамын. Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе. Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздай балуан бол!» – деп жазды ол.
Өз кезегінде желі қолданушылары 6 жасар баланың қабілетіне таңдай қағып, болашағы жарқын болуын тілесіп жатыр.
13 қыркүйек 2018 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30