» » Бес жасар бүлдіршіннің ісі көпшілікті сүйсінтті

Бес жасар бүлдіршіннің ісі көпшілікті сүйсінтті

 Өскемендік кішкентай бүлдіршін Аягөзде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларындағы балалардың біріне деп сүйікті ойыншығын беріп жіберген екен,-деп жазады altaynews.
Бұл мейірімді баланың есімі – Әлихан Бидахметов. Оның жасы не бары 5-те. Әкесі жұмысында Аягөзге гуманитарлық көмек жинап, алып бара жатқанын көрген ұлы жақсы көретін ойыншық машинасын сыйлапты. Бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Аягөздегі Жастар орталығының директоры Саят Ибраев хабарлап, көпшілікті елең еткізді.
«Мына ойыншық машина көңілімізді босатты. Оны өскемендік бес жасар бала табиғи апаттан қиналып жатқан балаларға көңілдеріне демеу ретінде беріп жіберіпті…», – дейді Саят Ибраев. Бұл оқиғаға қайырымды 5 жасар баланың әкесі өзінің пікірін білдірді.
 «20 наурыз күні жұмысымызда тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек жинаған едік. Сол кезде көп су етік сатып алдық. Оны көрген балам «не үшін көп етік сатып алдыңыздар?» деп сұрады. Мен Аягөздегі су тасқыны туралы айтып, түсіндіріп едім, «Әке, егер ол жердегі балаларға қажет болса, менің ойыншығымды берші» деп, жақсы көріп ойнайтын машинасын ұсынды», – дейді Әлиханның әкесі Дәурен Сәрсембаев.
Айта кетсек, Дәурен Сәрсембаев – ШҚО Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы қызметін атқарады.
25 наурыз 2018 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031