» » ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛОРДАДА ЕРЛЕДІ

ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛОРДАДА ЕРЛЕДІ

  Елордада жасөспірімдер, жастар, кадеттер, ерлер, қыздар және ардагерлер арасында грэпплинг ги мен ноу-гиден Әлем чемпионаты мәреге жетті. Дүбірлі додада аймақтан 6 спортшы қатысып, жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальды жеңіп алды.
«Қажымұқан» спорт клубында тәлім алатын саңлақтар 24 мемлекеттен қатысқан спортшылар арасынан оқ бойы оза шапты. Алдымен жасөспірімдер арасында грэпплинг ги бойынша Алижан Алматов (46 келі) пен ардагерлер арасында ноу-гиден Жалын Романқұлов (62 келі) Әлем чемпионы атанды.
Қыздар арасында грэпплинг гиден Айғаным Бектібаева (53 келі) және ардагерлер арасында ноу-гиден Қанат Пірімжанов (77 келі) күміс жүлдеге ие болды.
Грэпплинг ноу-гиден жасөспірімдер арасында Нұрдәулет Кеңесов (53 келі), қыздар арасында Айғаным Бектібаева (53 келі) және Нұртілеу Нұрадинов (77 келі) қола жүлдені еншіледі. Дүйім жүртті қуантқан дарабоздардың дара келуіне бапкердің қосқан үлесі зор. Спортшыларды сайысқа баулыған Арман Мәделханов пен Жанат Мұратованың еңбегі еселеніп қайтты. Бапкерлер елге оралысымен тынымсыз жаттығуды қайта жалғастырады. Өйткені шәкірттері 21-23 қыркүйекте Қызылорда қаласында панкратионнан жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында өтетін ҚР кубогына қатысады.
13 қыркүйек 2018 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031