Қазақстанның кейбір өңірлерінде жылу беру тарифі өзгерді

«Жылумен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері аясында 2018 жылы халыққа арналған тарифтер 4 аймақта өзгеріссіз қалды: Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында», – деді Зарина Ботбаева агенттіктің сауалына берген жауабында. Оның сөзіне қарағанда, биыл 2 өңірде тарифтер төмендетілген. Алматы облысында «Талдықорғантеплосервис», ал Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК тарапынан тарифтер арзандады.
Халыққа арналған тариф 11 өңірде өсті (ҚҚС-сыз):
Астана: «Астанаэнергосбыт» ЖШС (ЕҚ-мен 2 219,15 теңге/Гкалдан 2 360,16 теңге/Гкал-ға, өсім 0,02%);
Алматы: «Алматы жылу желілері» (ЕҚ-мен 4 919,30 теңге/Гкал-дан 5 327,78 теңге/Гкал-ға, өсім 8,3%, ЕҚ-сыз 6 709,84 теңге/Гкал-дан 7 267,00 теңге/Гкал-ға, өсім 8,3%);
Ақтөбе облысы: «Трансэнерго» АҚ (ЕҚ-мен 2 280,40 теңге/Гкал-дан 2 504,87 теңге/Гкал-ға, өсім 9,8%, ЕҚ-сыз 3 420,60 теңге/Гкал-дан 3 757,30 теңге/Гкал-ға, өсім 9,8%);
Атырау облысы: «Атырау ЖЭЦ» АҚ (ЕҚ-мен 3 752,97 теңге/Гкал-дан 4 181,64 теңге/Гкал-ға, өсім 11,4%, ЕҚ-сыз 5 269,48 теңге/Гкал-дан 5 343,52 теңге/Гкал-ға, өсім 1,4%);
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласында «Өскемен жылу желілері» АҚ (ЕҚ-сыз 3 425,80 теңге/Гкал-дан 3 749,69 теңгеге/Гкал-ға, өсім 9,5%);
Жамбыл облысы: «Таразэнергоцентр» АҚ (ЕҚ-мен 1 670,06 теңге/Гкал-дан 1 694,33 теңге/Гкал-ға, өсім 1,5%, ЕҚ-сыз 3 634,37 теңге/Гкал-дан 3 687,19 теңге/Гкал-ға, өсім 1,5%);
Батыс Қазақстан облысы: «Жайықтеплоэнерго» АҚ (3 983,04 теңге/Гкал-дан 4 034,93 теңге/Гкал-ға, өсім 1,3%);
Қарағанды облысы: Қарағанды қаласында «ҚарағандыЖылуСбыт» (2 914,39 тенге/Гкал-дан 3 053,12 тенге/Гкал-ға, өсім 4,8%);
Жезқазған қаласы: «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ (ЕҚ-мен 2 677,08 теңге/Гкал-дан 2 784,17 теңге/Гкал-ға, өсім 4,0%, ЕҚ-сыз 3 212,50 теңге/Гкал-дан 3 341,00 теңге/Гкал-ға, өсім 4,0%);
Қостанай облысы: «Костанайская ТЭК» МКК (ЕҚ-мен 4 490,36 теңге/Гкал-дан 4 526,77 теңге/Гкал-ға, өсім 0,8%, ЕҚ-сыз 5 606,81 теңге/Гкал-дан 5 614,66 теңге/Гкал-ға, өсім 0,1%);
Павлодар облысы: «Павлодарэнергосбыт» ЖШС (ЖЖҚ ЕҚ-мен 1 492,30 теңге/Гкал-дан 1 897,37 теңге/Гкал-ға, өсім 27,1%, ЕҚ-сыз 2 549,98 теңге/Гкал-дан 2 769,66 теңге/Гкал-ға, өсім 8,6%; ОЖП ЕҚ-мен 1 075,38 теңге/Гкал-дан 1 168,02 теңге/Гкал-ға, өсім 8,6%, ЕҚ-сыз 2 234,32 теңге/Гкал-дан 2 468,29 теңге/Гкал-ға, өсім 10,5%);
Солтүстік Қазақстан облысы: «Севказэнергосбыт» ЖШС (ЕҚ-мен 2 829,60 теңге/Гкал-дан 3 068,46 теңге/Гкал-ға, өсім 8,4%, ЕҚ-сыз 3 640,96 теңге/Гкал-дан 3 823,00 теңге/Гкал-ға, өсім 5,0%).
Осылайша, ең төмен өсім Астана қаласында, ең жоғары өсім Павлодар облысында байқалады.