» » Астанада сұлу болғысы келген бойжеткен қылмыс жасады

Астанада сұлу болғысы келген бойжеткен қылмыс жасады

  Астанада сұлулық салонында қымбат тұратын процедура жасатып алып, ақшасын төлемей қашып кеткен алаяқ бойжеткен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астана қалалық ІІД тұрғындардан алаяқтық жасаған бойжеткеннің тұлғасын анықтауда көмек беруін сұрайды.
«Алматы» ауданының полиция басқармасына сұлулық салонының мастері шағымданып, 9 қыркүйекте Рысқұлбеков көшесіндегі сұлулық салондарының бірінде өзін Ботагөз деп таныстырған белгісіз бойжеткеннің шаш жалғату бойынша процедураға тапсырыс бергенін айтты. Ол құны 70 мың теңге тұратын процедураны жасатқаннан кейін, белгісіз бағытта ізін суытқан», – делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция күдіктінің тұлғасын анықтау, ұстауға бағытталған шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Өз кезегінде Астана полициясы қызмет көрсету саласының жұмысшыларына алаяқтарға алданып қалмас үшін сақтық танытуы керектігін ескертті.
15 қыркүйек 2018 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930