Инстаграмда спорттық ойындарға ақша тіккендер сан соғып қалды
Әлеуметтік желі арқылы спорттық ойындарға ақша тігемін деп сан соғып қалған желі пайдаланушыларының ісі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Интернет-алаяқтарға қатысты тергеу жүргізіп жатқан астаналық полицейлер шағымданушыларды «Сарыарқа» аудандық ішкі істер басқармасына хабарласуды сұрайды. Бұл іске қатысты күдіктілер адамдардың сеніміне кіріп, әлеуметтік желілер және төлем жүйелері арқылы алаяқтықпен айналысқан. Олар «Instagram» желілерінде @bayur_bet, @satik.betting, @nursik.kozhin деген атаулармен тіркелген. Бұл аккаунт иелері негізінен айналысқан әрекет - спорттық ойындарға бәс қабылдау.
Алдымен пайдаланушылар киви-әмияндарға 20 000 теңге салу қажет болған, алақтар бұл сома бір тәулік ішінде бес есе көбейеді деп уәде берген. Кейін ақшаны қайтармай, телефондарын өшіріп, ізін суытып кетіп отырған.
Қазіргі уақытта алданған пайдаланушылар ақшаларын жіберген келесі киви-әмияндар белгілі: + 7 778 883 58 45, +7 775 414 92 74, + 7 708 853 71 44, +7 778 095 26 93, +7 778 227 57 33, + 7 700 684 64 13, +7 778 333 06 84, + 7 778 946 44 16, + 708 213 47 83, + 7 775 414 70 35, + 7 702 617 18 56, +7 707 237 72 59. Полиция бөлімшесіне арыз беру кезінде жәбірленушілерде әмияндарды толтырған квитанциялары және алаяқтармен болған әңгімесінің скриншоттары болуы тиіс.