» » Атыраулық әйел алты жыл бұрын күйеуін өлтіріп, ол жатқан жерге тауық қорасын салған

Атыраулық әйел алты жыл бұрын күйеуін өлтіріп, ол жатқан жерге тауық қорасын салған

   Атырауда алты жыл бұрын жасалынған қылмыс анықталды.

Өз күйеуін өлтірді деп әйел және оның туысы күдіктелуде. Жақындарының айтуы бойынша, қайтыс болған адамның қыздары да осы қылмысқа қатысқан. Отағасының мәйіті аулада көмілген. Қайтыс болған адамды олар терең шұңқырға жерлеп, жатқан жерін бетон құйып қатырған. Ал оның үстіне тауық қорасын салған.
Мәйіттің үстіне бетон құйылған. Сосын қара жер үйілген. Оның үстінде темір қағаз, топырақ, қайтадан бетон, тауық қорасы бар.
Марқұмның туысы оның жатқан жерін көрсетті. Алты жыл ол іс-түссіз жоғалғандардың қатарында болды. Бір күні ер адамның әйелі күйеуі оны тастап кеткенін мәлімдейді. Барлық туысқандар әйелдің сөзіне сенеді.
“ИГИЛ-де, қысқа шалбарын киіп, жеке куәлігін алуға келді. Ал белгісіз уақыттан кейін олар кіші қызының картасына ақша аударғанын айта бастады”, — дейді марқұмның туысы Юлия Шамшодинова.
Қайтыс болған адамның туыстары оны сөксе де,  аман-есен жүргенін көруге үміттенген. Александрдың өлімі жайлы хабар оларды қатты таңғалдырды. Қылмыстың жасалғаны табан астынан анықталды.
Ер адам ұйықтап жатқанда әйелі және 17 жастағы азамат оны тұншықтырып өлтірген. 17 жастағы ер бала сосын әйелді осы қылмыспен қорқыта бастаған. Жігіт ақша сұраған. Ал әйел болса, полицияға барып, оның үстінен арыз жазған.
“Не үшін өлтіргенін түсіндірген жоқ. Алайда пәтер 2001 жылы апамызға тиесілі еді. Оның бір бөлігі бауырымның иелігінде болған. Ол өз бөлігін үлкен қызы София Шамшодиноваға сыйлаған. Біз енді оларда  алдын-ала дайындалған жоспар болған шығар деп ойлаймыз.  Әкелері оларға барлығын берді. Қажетсіз болып қалды дегендей”, — дейді марқұмның туысы Виктория Шамшодинова.
Туысқандарының сөзіне сенсек, жұбайлардың жағдайы нашар болған. Ұрыс-керіс көп туатын. Марқұмның қыздары қылмысқа қатыспаған. Ол кезде екеуі 25, 19 жаста еді. Дегенмен олардың туысқандары қыздардың барлығын білгеніне сенімді. Мүмкін олар әкелерін өлтіруге көмектескен де шығар. Полиция әзірге іс жайында ақпаратпен бөліскен жоқ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031