Көргенім – көңілге түйгенім
Жақсыны көз көрсе, көңіл бөлінсе, адамның көкірек сарайы кеңейіп, талпыныс тынысын аша түседі. Бұл – нақты дерек. Біздің Астанаға баруымыздың мақсаты мол екенін енді сезіне бастадық. Облыс әкімінің кеңесшісі Динара Асқарқызы Бисембинаның ұйымдастыруымен өрбіген семинардан сәтті іс, табысты тірлік болатынын білдік. Сондықтан ерекше тебіреніспен жолға шықтық.
«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев бастаған тобымызда, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш, "Қазалы" газетінің тілшісі Есет Табынбаев, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Дастанбек Садық, шиелілік «Өскен өңір» газеті бас редакторның орынбасары Елдос Жүсіп, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ердос Беркінбаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің жауапты хатшысы Самат Әбдіш бар, бір қауым облыстың журналисі астаналық ата басылымдарда шығармашылығын шыңдауға, озық жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Алдымен ел газет «Егемен Қазақстан» басылымының редакциясымен танысуға бет бұрдық. Ыстық ықыласпен қарсы алған басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор Айбын Шағалақ баспасөз бен оқырман арасындағы байланыс жөнінен келелі ой қозғады. Оның айтуынша, алдағы уақытта Ресейде тұратын қандастарымыз үшін газет қолжетімді болмақ. Сондай-ақ таралу аумағын кеңейту мақсатында «Егеменге» әлемге әйгілі, Американың атақты «The New York Timеs» газетінің бір беті қосымша ретінде тіркелмек.
Ал, сайт жұмысын ілгерілетуге қатысты сайт ісінің басшысы, жерлесіміз Құрманəлі Қалмахан оқырман тарту, əлеуметтік желіге қосылу мүмкіндігін, «YouTube» арқылы қалай жұмыс істеу керегін тиянақты түсіндірді. Әрине, елдің бас басылымы болған соң құлашы да кең, серпілісі де сұңғыла деп айта аламын. Олай дегенім, ғасырға жуық тарихы бар басылымда өткен жылдан бастап журналистерге,
студенттерге «Егемен академиясы» ашылған. Онда танымал журналистермен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың өзі дәріс оқыған. Академияда жастар білім жетілдіріп, түрлі семинарлар мен лекциялар арқылы тәжірибе жинақтайды. Сол секілді «Егемен Қазақстан» газеті сайтқа арнайы бейнетүсірілім орналастырып жүр. Youtube желісі арқылы арнайы «Egemen TV» арнасы ашылған. Онда «Өрнек», «Стадион», «Сарапшы пікірі» секілді түрлі жоба бар. Бір сөзбен түйіндегенде, «Егемен» ерекше істерді еншілеген екен.
студенттерге «Егемен академиясы» ашылған. Онда танымал журналистермен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың өзі дәріс оқыған. Академияда жастар білім жетілдіріп, түрлі семинарлар мен лекциялар арқылы тәжірибе жинақтайды. Сол секілді «Егемен Қазақстан» газеті сайтқа арнайы бейнетүсірілім орналастырып жүр. Youtube желісі арқылы арнайы «Egemen TV» арнасы ашылған. Онда «Өрнек», «Стадион», «Сарапшы пікірі» секілді түрлі жоба бар. Бір сөзбен түйіндегенде, «Егемен» ерекше істерді еншілеген екен.
Сапардың екінші бөлігі «Казахстанская правда» газетінде, еліміздегі телеарналардың басын біріктірген «ҚазМедиа» орталығындағы «Хабар», «Евразия», «Балапан» секілді телеарналарда, көпшілікке танымал «Түнгі студия» бағдарламасында жалғасты.
Қазақстандық сайт жұмысының көш басында тұрған халықаралық «Sputniknews.kz» cайты екенін білетінбіз. Мұның бас офисі – Мәскеуде. Көптеген елде филиалдары бар. Ал, еліміздегі филиал қызметі туралы баспасөз хатшысы Айгүл Сұлтанова жан-жақты әңгімелеп берді. Сайттың соңғы үлгідегі тың өзгерістері, бейнематериалдар сюжеті, мақалалардың жеделдігі, журналистердің ізденімпаздығы мен тапқырлығы жайлы сөз қозғалып, өзара пікірталас жүрді. Әрине, сайт қызметінде көлдей мәселе көп. Оны тарқату барысында түрлі таным оянады. Мұндағы үлкен ерекшелік, қызметкерлерінің барлығы дерлік 3-4 тіл меңгерген, аударма ісіне жетік екен. Мұнымен қоса, «Тelegram», «Twitter», «Instagram», «Facebook» cекілді желілерді өз мүддесіне тиімді пайдалана білетіні ұнады. Кездесу барысында «Sputniknews.kz» сайты мен «Сыр Медиа» ЖШС арасында іскерлік байланыс орнату сөз болып, әр алуан тақырыптың пердесі ашылды.
Келесі кезекте республикадағы маңдайалды жоғары оқу орны Назарбаев университетіне барғанымыз болды. Басты ғимарат аумағы ат шаптырым, өте жинақы салынған, студенттер үшін ыңғайлы және жанына керектің бәрі қарастырылған. Мұнда әлемге әйгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының иегерлері дәріс оқиды. Содан болар, сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі. Университеттің баспасөз хатшысынан білгеніміздей, оқу ордасының түлектері шет елдерге шығып, білімін шыңдай түседі. Біздің сапардың соңғы нүктесі кұні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталықтың жұмысымен таныстық.
Ия, мың естігеннен бір көрген артық. Бұл игілікті шараның көздегені де сол. Оны ұйымдастырған Динара Асқарқызына ризашылығымыз шексіз. Қазақтың «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» дегені осындайға айтылса керек, біз Астанадан арқаланып қайттық. Шабытқа шабыт қосып, шығармашылыққа азық жиып келдік.
Ерасыл ШӘРІБЕК
Қызылорда-Астана-Қызылорда