» » ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  Жыл тоғысында «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты басылымдарда бірқатар кадрлық өзгерістер болды.
    Серіктестік басшылығының шешімімен осыған дейін мекеме бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген Қуат Шарабидинов облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
    Қуат Әбішұлы Шарабидинов журналистикадағы еңбек жолын осы газеттен бастаған. Әр жылдары жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы қызметтерін атқарды.  
    Аймақ басылымдары «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне біріккен тұстан бастап мекеме басшысының орынбасары болды.
    Сонымен қатар, серіктестікке қарасты Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторлығына Дастан Садық, ал Арал аудандық «Толқын» газетінің басшысы болып Абай Елеш тағайындалды.    
29 желтоқсан 2017 ж. 1 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930