» » Танымал журналист кісі қолынан жан тапсырды

Танымал журналист кісі қолынан жан тапсырды

   34 жастағы Астана тұрғыны қылмысты жасады деген күдікке ілінді, оны ұстау шаралары қабылданып жатыр
 Астанада 37 жастағы Ирина Бекетованы өз үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті, ақпаратты  елордалық ІІД баспасөз қызметі растады.   
Трагедия жайлы әлеуметтік желілерде Любовь Подоляк хабарлады.  
"Біз бір жоғары оқу орнын бітірдік, ұзақ жылдар бойы теміржол саласында бірге жұмыс істедік, біздің кенже балаларымыз бір жылда дүниеге келді. Ол жақсы ана, терең ойлы журналист болды. Өткен аптада жұмысын ауыстыруға шешім қабылдағанын естідім, демалыс күндері қоңырау шаламын деп ойладым. Осындай жас әрі ақжарқын жанның өмірден өткені үшін, оның төрт баласы жетім қалғаны үшін, өз қаламызда қорғансыздың күйін кешіп отырғанымыз үшін көзіме жас келіп, көмейіме өксік тығылды", — деп жазды ол Facebook-те.
Елорда полицейлері 34 жастағы Астана тұрғыны Ирина Бекетованың денсаулығына қасақана ауыр зардап келтіріп, өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.    
Полицейлер күдіктіні ұстау шараларын қабылдап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  
Иринаның төрт баласының үлкені мүгедек екені белгілі болды, кенже егіз балалары енді ғана үшке толған екен. Ирина Бекетованың әріптестері жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаржы жинап жатыр.  
Дереккөз: https://sputniknews.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031