» » Батырхан Шүкенов орындаған қазақ әндерінің ноталар жинағы жарық көрді

Батырхан Шүкенов орындаған қазақ әндерінің ноталар жинағы жарық көрді

   Батырхан Шүкенов шырқаған қазақ әндерінің ноталар жинағының тұсаукесері өтті. Жинаққа композиторлар Қуат Шілдебаев, Төлеген Мұхамеджанов, Наджиб Вильданов пен Ренат Гайсиндер жазған 14 композиция енді.

«Сағым дүние» ноталар жинағын таныстыра отырып, Батырхан Шүкенов қорының директоры Наргиз Шүкенова бұл идеяның былтыр өмірге келгенін тілге тиек етті.
«Қазақ тіліне көзқарастың қалай өзгергенін, қазақ композиторларының классиктарға айналғанын көрсеткіміз келді. Сазгерлеріміздің әндері барша қазақтың үйінде шырқалсын деген ниетіміз де жоқ емес» - деді ол.
Әншінің ағасы Бауыржан Шүкенов кеңес заманында «Музыкальный киоск» деп аталатын телевизиялық бағдарлама болғанын айтты.
«Ол жерде жаңадан шыққан ноталар жинағы туралы сөз қозғалатын. Бағдарлама жүргізушісі: «Бұл жинақ музыкамен әуестенетін барлық тыңдарманға арналады, үйде отырып шығармаларды ойнауға ыңғайлы», – дейтін. Жастық шағымда осындай жинақтардың мен үшін маңызы зор еді, кейін олар басылмай қалды. Бұрын қазақ әндерінің сөздері мен ноталары берілген жинақтар шығып тұрушы еді, үйімде барын алып қарасам, барлығы кеңес дәуірінде шыққан екен. Тәуелсіз кезеңімізде қаншама жақсы әндер дүниеге келді, бірақ олардың сөздері мен ноталары жинақ болып шығып жатқан жоқ. Кеше ғана кітап дүкендерін аралап, еш жерде ноталар жинағын кездестірмедім. Біз жинақты Батырдың құрметіне арнап шығардық. Сәл де болса нота танитын адам оның шығармаларын оқып орындай алады. Біз үшін жинағымыздың қазақ тілінде шыққаны өте маңызды», – деді Бауыржан Шүкенов.
Жинақ 2000 данамен шықты. Мың данасы кітапханалар мен оқу орындарына жіберілсе, қалғаны кітап дүкендерінде сатылымға түседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жинақтың электрондық нұсқасы Интернетте, Бауыржан Шүкенов қорының шара барысында таныстырылған жеке сайтында (https://batyr.foundation) жарық көреді. Кез келген адам жинақты сол жерде жүктеп ала алады.
Айта кетелік, қордың сайты әншінің өмірінің әр кезеңінен сыр шертеді, таймлайн арқылы оның музыкант ретінде қалыптасу жолын, бұған дейін жарияланбаған суреттерін көруге, алғашқы жазбаларын тыңдауға және достарының естеліктерін оқуға болады.
Жылдың соңына қарай әншінің толық шығармашылық мұрасының жинағы, соның ішінде бұған дейін жарық көрмеген әндері де халыққа таныстырылады деп жоспарлануда.
Baq.kz
22 қазан 2018 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031