» » » Қазақ әндері Мәскеуде шырқалды

Қазақ әндері Мәскеуде шырқалды

Мәскеуде халықаралық конкурстардың лауреаты Қуат Бағысбектің жеке концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ-дағы Қазақстан елшілігінің сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық тенор Федор Шаляпин атындағы музейде өнер көрсетті. Әнші әлемдік опера жауһарлары - Чайковский, Пуччини, Верди операларынан ария шырқап, қазақ халық әндерін Мәскеу аспанында әуелетті. Сонымен бірге Балнұр Қыдырбек, Владимир Стригоцкий-Пак пен Хабибулла Сетеков сынды қазақстандық композиторлардың шығармаларын да өнерсүйер қауымға тарту етті. «Концертте Чайковскийдің, Верди, Пуччинидің және де көптеген еуропалық, шетелдік композиторлардың туындыларын, халық әндері мен Қазақстан композиторларының шығармаларын орындаймын», - деді әнші Қуат Бағысбек. Халық әндерін тыңдауға Мәскеуде тұратын қазақтарда келді. «Мен үшін бүгін қазақ әнінің шырқалғаны теңдессіз сый болды. Біз бұл концертке бүкіл жанұямызбен арнайы келдік, өйткені Мәскеуде туып-өскен балаларымды қазақтың төл мәдениетімен, қазақ музыкасымен таныстырғым келді», - дейді Маржан Жақсымбетова.

21 ақпан 2018 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031