«ҚЫЗЫЛОРДА OPEN FEST» фестивалі өтеді

Жоба барысында субмәдениет өкілдері - «Break dance», «Нip Нop», «Street workout», «Skate», «Parkour» жанрлары бағытында шұғылданып жүрген жастар арасында түрлі бағыттағы іс – шаралар ұйымдастыру жүктелген. Аталған санаттағы жастарды дамыту мақсатында мастер класстар, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру жоспарланған.Бұл бағытта шұғылданатын жастар саны Европа елдеріндегі жастарға қарағанда әлде – қайда аз болып тұр.
27 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы орталық стадион жанындағы «UrbanPark» жастар паркінде "QYZYLORDA жастары" фестивалі өткізіледі. Фестиваль аясында «Street workout», «BMX», «SKATE», «Parkour» бағытындағы жастар арасында байқау ұйымдастырылады.
Арнайы «UrbanPark»спорттық паркінде байқауға қатысушылар өз бағыттары бойынша шеберліктерін дәлелдеп шығуы тиіс.Шараның қорытынды марапаттау кешіне арнайы субмәдениет өкілдері мен топтар қатыстырылады. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Алдағы уақытта аталған жастардың қатарын көбейтіп, олардың шығармашылығын дамыту бағытында басқа да іс – шаралар ұйымдастырылып, арнайы бас қосулар жүзеге асатын болады.