» » Қартаюды баяулататын азық-түлік белгілі болды

Қартаюды баяулататын азық-түлік белгілі болды

  Шоколад, шай, шарап пен кофе құрамына кіретін гидрохинондардың мырышпен үйлесімі қартаю процесін бәсеңдетеді. Бұндай қорытындыға Германияның Эрланген-Нюрнберг университетінің ғалымдары келді.

Phys.org порталында жарияланған мамандардың зерттеуінде мырыш ағзадағы қышқылдану процесінің алдын алатын гидрохинон топтарын белсенді етеді делінген.
Мырыш пен гидрохинонның бірігу процесінде супероксиддисмутаза ферменті сияқты кешен пайда болады. Ол ағзаны тозудан сақтап, антиоксиданттық әсер береді.
«Известия» басылымының мәліметінше, осылайша, ағзаға зақым келтіретін процестердің алдын алып, қартаюды баяулатуға болады.

05 қараша 2018 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031