ДЕНИС ТЕНГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатты. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне КСРО еңбек сіңірген бапкері, Ресейдің халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова мен мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова арнайы келген. Татьяна Тарасова Денис Тенді 2003-2010 жылдары жаттықтырған. «Денис – ұлы адам. Осы елдің даңқын шығарғысы келді. Бірақ ол өзі осы елде қайтыс болды. Оның өнерін тамашалаған миллиондаған адам картадан Қазақстанды іздеді. Қазақстанның қайда орналасқанын барлығы да біле бермейтін. Барлығы осы елді Денис Тен арқылы білді. Ол халқының ұлы адамы. Дениспен жұмыс істеген мен бақыттымын. Ол үздік спортшы болатын. Бала кезінен ерекше жаратылған жан еді» деді Татьяна Тарасова. Жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатынын да айтты. «Біз әйгілі чемпионамызды ұмытпас үшін түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Оның отбасымен бірге батырымыздың болашақ ескерткішінің кескінін жасап жатырмыз. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін ескерткіш көктемде орнатылады деп үміттенеміз. Әкімдік Денис Теннің құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Оның нақты күнін спорт қоғамдастығымен және Денистік анасымен келісеміз» деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.