Денис Тен негізгі бағдарламаға өте алмады
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан қысқы бағдарламада төмен нәтиже көрсетіп келесі негізгі бағдарламаға өте алмады.
Қысқа бағдарламада Денис Тен 70.12 ұпай алды. 24 спортшының қатарына енбей 17 ақпанда өтетін негізгі бағдарламадан тыс қалды.
Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы 2014 жылы өткен Сочи Олимпиадасында қола медаль алған еді.
Жарақаты жазыла қоймаған Денис бұған дейін қысқы ойындарға басқа нәтиже үшін баратынын айтқан болатын. Olympic Channel қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы туралы арнайы фильм түсіргенін де хабарлаған.