» » ҚР Президенті қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді атады

ҚР Президенті қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді атады

Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқын толғандыратын өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 «Әлеуметтік зерттеу қорытындысы белгіленген алты проблеманың арасында бірінші орында коммуналдық қызметтердің жоғары құны тұрғанын көрсетті», - деді Елбасы.
Мұнымен қоса, Президент қазақстандықтарды толғандыратын мәселелердің ішінде қымбат медициналық қызмет көрсету мен білім беру, сондай-ақ білім саласының сапасы бар екенін атап өтті.
 «Осылардың барлығын біз зерделеуіміз керек. Жолдау аясында халықтың әл-ауқатын, ең төменгі еңбекақыны көтеретіндігімізді, тұрғын үй құрылысы тақырыбы, газ тарту бағыты аталып өтті. Осы жұмыстар елдің әл-ауқатын көтеруге негізделіп отыр», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялады.
«Астанаэнергосбыт» негізсіз тарифтің арқасында елорда тұрғындарынан 2,6 млрд теңгеге артық қаржы алғаны мәлім болды.      


11 қараша 2018 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930