» » НАЗАРБАЕВ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕГІ "И, Й" ӘРІПТЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУЫН НАҚТЫЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

НАЗАРБАЕВ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕГІ "И, Й" ӘРІПТЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУЫН НАҚТЫЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

 Нұрсұлтан Назарбаев оларды ағылшын әліпбиіндегі "е" әрпімен жазуды ұсынды.
    Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында латын графикасындағы әріптердің жазылуын толығымен нақтылауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.
    "Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы көп жұмыс атқарылды. Ұйымдастыру іс-шаралары аяқталып, басым бағыттар анықталды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Қазақ тілінде "і" әрпі бар, мысалы – іні, ілім. Сондай-ақ, латын алфавитінде де тура сондай әріп бар", - деп атап өтті Президент.
    Қазақстан Президенті жаңа қазақ алфавитін кешіктірмей енгізу керектігін ерекше атап өтті.
    "Біздің "е" деген әрпіміз ағылшын тілінде "и"-ді білдіреді. Неге соны пайдаланбасқа?! "и" мен "й" әріптерін бір таңбамен жазғымыз келеді ма, нүктелерсіз? Бұл қалай болады? Зерттеу керек. Мәселелерді толықтай шешуге жақындап қалдық. Сондықтан латын алфавитін көп кешіктірмей енгізу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Еске салсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда қазақ әліпбиінің латынша нұсқасын бекітті.
    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 1 желтоқсанында "100 жаңа есім" жеңімпаздарымен кездесуі барасында еліміздің не себепті латын әліпбиіне көшіп жатқанын түсіндірген болатын. Елбасы латын қарпімен бірге интернет, ғылым мен мәдениет тіліне енетінімізді нақтылап айтқан.
10 ақпан 2018 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031